18 мамыр күні 1-4 сыныптар аралығында «Рәміздер еліне саяхат» виртуалдық саяхат сабағы өтті. Бұл сабақта оқушыларҚазақстан Республикасының рәміздері бойынша бейнежазбалар көріп, білімдерін толықтыра түсті. Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміт, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Бірінші айналым бойынша сұрақ-жауап әдісі қолданды. Балалар сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде оқушылармен мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойыны жүргізілді. Үшінші кезеңде оқушылар елге деген жақсы тілектерін айтты.