#1 Новоишим орта мектебінде Тілдер фестивалі аясында 10 -сыныптар арасында "Үш тұғырлы тіл" атты полиглот сайыс өткізілді. Сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тапсырмаларды бар ынталарымен орындап, үш тілде өз білімдерін көрсете білді. Бес кезеңнен тұратын тапсырмаларды "Тапқырлар" мен "Білгіштер" тобының мүшелері құлшына орындап өз топтарының қоржынын ұпай сандарымен толтырды. Жүйріктен жүйрік озады демекші, сайыста 10 А сыныбынан құралған "Тапқырлар" тобы жеңіске жетті.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизат А., орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Конюша Н. Н. және ағылшын тілі мұғалімі Смаилова З. Е.