Аталынған жайт қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселе болғандықтан, қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру мәселелері туралы, жаңа әліпбидің емле ережелері жөнінде оқушылардың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз етуге байланысты қолға алынып, іске асырылып жатқан мәселелерге жан-жақты тоқталып өтілді.Қазақ тілінің латын графикасына көшудегі мақсат және артықшылығы, Қазақстанда жаңғыру барысында латын әліпбиінің маңыздылығы талқыланды
Бұл шараға мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысып, талқыланып отырған маңызды мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.Жиында мынадай сұрақтар қойылып, дөңгелек үстел қонақтары талқылап, өз ойларын айтты.
- «Сіз қалай айта аласыз, жаңа заман талабы ма?»
- «Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?»
- «Қазақстанның латын қаріпіне көшу не өзгертеді?»
- «Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?»
және т.б. сұрақтар қойылып қызу талқыланды.
Шара әрбір адамға үлкен ой салатын танымдық тағылымы мол болғанын баса айтқымыз келеді.
27 марта 2019 года в Новоишимской средней школе 1 учителя казахского языка и литературы Дуйсенбина Ж.К , Касленкина Л.К, Сулейменова Н.Е с учащимися 9,10 классов провели круглый стол " Латын əліпбиіне көшу-заман талабы" . Дети обсудили необходимость перехода на латинский алфавит, попробовали написать слова латинскими буквами.