1 наурыз күні №1 Новоишим орта мектебінде алғыс күніне орай жоспарланған іс- шаралар өтті. 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімдері Кондратова Лариса Михаловна , Вдовиченка Ирина Александровна 1 ауысым мен 2 ауысымда акт залында «Бір ел- бір тағдыр » атты сап түзеу өткізілді. 25.02- 01.03 арасында мектеп кітапханашысы Мұстафина Бахыт Кантаровна 1-4 сыныптар арасында «Қазақстан менің Отаным » атты, 5-11 сыныптар арасында «Қазақстан біз саған ризамыз» атты кітап сөресі ұйымдастырылды. 25.02.19 ж КММ «Өнер мектебінде» өткен «Қазақ ұлттық құндылықтары, өткені мен болашағы » атты сөреде еңбек пәнінің мұғалімдері Айткужин Ж.Г. пен Муратбекова З.К. өз жұмыстарын көрсетіп жүлделі орындарға ие болды. 3 орын Тансықбаев Санжар 3 орын Клюшник Вероника 2 орынды Цуркан Роман 0-4 сыныптар арасында «Менің Қазақстаным» атты ермексаз қиялы сайысы өтті. Сайысқа қатысушылардың бәрі өз дарындылықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп,сайыстың мақсатын аша білді. Балалардың жұмыстары өте қызықты және әдемі болды. Сайыстың жеңімпаздары мен сайысқа белсенді қатысқан балалар дипломдармен марапатталды. 1 наурыз күні мектепте дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге еңбек ардагерлері Шкарина Светлана Загитовна , Кригер Ольга Петровна мен 7 сынып оқушылары қатысты . Дөңгелек үстелді тарих мұғалімі Кондратова Л.М , қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұртазина С.М мен орыс тілі пәнінің мұғалімі Шаблий А.В өткізді. 5 сыныптың оқушылары Қазақстан туған жерім атты өлеңдер оқумен іс- шараны салтанатты түрде ашты. «Гүл Көбелек» әнімен 3 сыныптың оқушысы Кенесарова Амина құттықтады. 4 сынып оқушысы Кенжебеков Аманали «Балбырауың» атты күйін орындады. Дөңгелек үстел барысында Кригер Ольга Петровна өз жолдасының анасы депортация кезінде қалай қазақ еліне келгенін айтып, ризашылығын білдіріп, барлығын алғыс күні мерекесімен құттықтады. Кондратова Лариса Михайловна украин тілінде алғыс күнімен құттықтады.