2018 жылдың 13 қарашасында №1 Новоишим орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері- Касленкина Л.Қ. мен Дуйсенбина Ж.Қ басқаруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мұндағы мақсат: Латын әліпбиіне көшу-қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай-өсіп өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосу. Рухани жаңғыруды насихаттау және патриоттық сананы қалыптастыру. Аталынған жайт қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселе болғандықтан, қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру мәселелері туралы, жаңа әліпбидің емле ережелері жөнінде оқушылардың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз етуге байланысты қолға алынып, іске асырылып жатқан мәселелерге жан-жақты тоқталып өтілді. Қазақ тілінің латын графикасына көшудегі мақсат және артықшылығы, Қазақстанда жаңғыру барысында латын әліпбиінің маңыздылығы талқыланды Бұл шараға мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысып, талқыланып отырған маңызды мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Жиында мынадай сұрақтар қойылып, дөңгелек үстел қонақтары талқылап, өз ойларын айтты. - «Сіз қалай айта аласыз, жаңа заман талабы ма?» - «Латын әліпбиіне көшудің себептерін неде?» - «Қазақстанның латын қаріпіне көшу не өзгертеді?» - «Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?» және т.б. сұрақтар қойылып қызу талқыланды. Шара әрбір адамға үлкен ой салатын танымдық тағылымы мол болғанын баса айтқымыз келеді.