2022 жылы қазанның 17-сі күні №1 Новоишим орта мектебінде мектептің жоспарына сай 9 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде Lesson Study зерттеуінің бірінші сабағы өткізілді.
Мақсаты: 9 «А» сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында барлығын оқу үрдісіне тарту арқылы танымдық қызметтерін белсендіру.
Сабақты қазақ тілі мен әдебиетінің сарапшы-педагогі Жулдызбекова Асем Дулатовна жүргізді.
Lesson Study зерттеу тобының мүшелері А,В,С деңгейлі оқушыларды бақылауға алды. Сабақтың әр кезеңінде бақылауға алған оқушылардың сабақ материалын меңгеруі, сабақта белсенділігі, жұппен жұмыс жасауы, жекелей жұмыс жасай алу дағдылары, бағалауды жүргізу кезіндегі іс-әрекеттері бақылауға алынды.
Өз кезегінде пән мұғалімі Асем Дулатовна оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін шебер қолданып, бақылауға алынған оқушылардың өз деңгейлерінде жұмыс жасауға, білімдерін көрсете алуға мүмкіндік жасады.
Сабақтан кейін бақылауға алынған А,В,С деңгейлі оқушылардан сұхбат алынды. Сабақты бақылаған Lesson Study зерттеу тобының мүшелері оқушылармен сұхбаттан кейін отырыс ұйымдастырып, келесі сабақты жоспарлады.
Lesson Study зерттеу тобының мүшелері: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ержанова Жанара Айткожаевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімідері Хизат Ақмарал, Жулдызбекова Асем Дулатовна , Алибаева Дина Абиловна, бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Шынар Дауытовна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Шаблий Анна Викторовна, ағылшын тілі мұғалімі Карпова Валентина Станиславовна, Смаилова Зауреш Ермековна.