Педагог лауазымына орналасуға байқау
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 1 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
СҚО Новоишим с., Школьный к., 1Г
Тел. 87153521101
Электрондық мекенжайы: newischim1@mail.ru
Бос лауазымдардың атауы: директордың тәрбие работе жөніндегі орынбасары, жабдық жөніндегі инженер, хатшы, үш орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, үш математика мұғалімі, үш қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, химия мұғалімі, биология мұғалімі, физика мұғалімі.
Педагог лауазымына орналасуға байқау
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 1 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
СҚО Новоишим с., Школьный к., 1Г
Тел. 87153521101
Электрондық мекенжайы: newischim1@mail.ru
Бос лауазымдардың атауы: директордың тәрбие работе жөніндегі орынбасары, жабдық жөніндегі инженер, хатшы, үш орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, үш математика мұғалімі, үш қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, химия мұғалімі, биология мұғалімі, физика мұғалімі.
оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.
пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.
пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;
"Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымының, "Патриот" мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымының, "Мейірімді жүрек" еріктілер жасағының, "Адал ұрпақ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының, "Жастар" пікірсайыс клубының, "Мирас" ЭМБ , "Ел тірегі-опора страны"ӘПК жұмыстарын ұйымдастырады. Б ілім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;
білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;
педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;
жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;
оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;
оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Хатшы келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:
мектеп директоры үшін мектеп қызметкерлерінен мәліметтер алады, директордың тапсырмасы бойынша мектеп қызметкерлері мен білім алушыларды шақырады;
мектеп директорының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастырады;
телефонограммаларды қабылдайды және береді, мектеп директоры болмаған кезде қабылданған хабарламаларды жазады және оларды оның назарына жеткізеді;
мектеп қызметкерлерінің жалпы жиналыстарын, мектеп кеңесінің, педагогикалық кеңестің, қамқоршылық кеңестің отырыстарын, сондай-ақ мектеп директоры өткізетін кеңестерді (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды кеңестің уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету және оларды тіркеу) дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
мектеп директорының кеңсе керек-жарақтарымен, ұйымдастыру техникасының құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, директордың тиімді жұмысына ықпал ететін жағдайлар жасайды;
қабылдау-келіссөздер құрылғылары бойынша ақпаратты береді және қабылдайды;
мектеп директорының нұсқауы бойынша әртүрлі құжаттар мен материалдарды басып шығарады;
мектеп директорының атына келіп түсетін хат-хабарларды қабылдайды, оны мектепте қабылданған тәртіпке сәйкес жүйелеуді жүзеге асырады және оны директор тағайындау бойынша нақты орындаушыларға олардың жұмысы барысында пайдалану не жауап дайындау үшін қарағаннан кейін береді, бақылауға алынған мектеп директорының тапсырмаларын орындау мерзімдерін қадағалайды; хат-хабарларды жібереді;
қызметкерлердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының (оларды алмастыратын адамдардың) жеке өтініштерін, мектеп директорына қол қоюға құжаттарды қабылдайды;
келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын қараудың жеделдігіне жәрдемдеседі;
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР Еңбек кодексін, іс жүргізу негіздерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнаманы; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.
Компьютерлік класс инженері (бағдарламашы) жұмысының негізгі бағыттары:
мектептің есептеу техникасын қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындау, компьютерлік кабинетті жұмыс жағдайында ұстау;
Лауазымдық міндеттері
компьютерлік класс инженері (бағдарламашы) келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:
есептеу техникасының дұрыс жұмыс істеуі мен үздіксіз жұмысын бақылайды;
кабинеттен тыс істен шыққан жабдыққа профилактикалық тексеру, техникалық қызмет көрсету және ұсақ жөндеу жүргізеді;
компьютерлік сыныптың техникалық жай күйіне және желілік бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілеттілігіне бақылауды жүзеге асырады;
мектеп басшылығы мектеп қабырғасында жасауға болмайтын аппаратураның жекелеген тораптары мен бөлшектерін ауыстыру қажеттігі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
кабинет жұмысының ағымдағы жоспарларына сәйкес жаңа бағдарламалық құралдарды әзірлеуді және енгізілген бағдарламалық құралдарды жаңғыртуды қамтамасыз етеді.
мектептің электрондық сайтын уақтылы толтыруға, ҰБДҚ, мұғалімдер тізімін, олардың жүктемелерін және нормативтік-құқықтық құжатты толтыруға жауапты.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидалары мен нормаларын нормалары, бағдарламалауды жүргізу қағидалары; есептеу техникасына қызмет көрсету тәртібі туралы Нұсқаулық, орфография және пунктуация қағидалары; есептеу техникасында пайдалану және жұмыс істеу қағидалары;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1-санатты Инженер: жоғары білім және 1-санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі
кем дегенде 3 жыл;
2 санатты Инженер: жоғары білім және 3 санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі немесе
жоғары білім беру мамандары алмастыратын басқа да инженерлік-техникалық лауазымдарда
кем дегенде 3 жыл;
1-санатты Инженер: жоғары білім және 1-санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі
кем дегенде 3 жыл;
3-санатты Инженер: жоғары білім және оқу кезеңінде алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі, біліктілік санаты жоқ инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс өтілі;
4.БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Біліктілік талаптар мен лауазымдық міндеттер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда № 5750 болып тіркелген «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) берілген.
Еңбекке ақы төлеудің мөлшері және өзге де шарттары:
Қызметкерге штаттық кестеге сәйкес лауазымдық жалақы белгіленеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.08.2023-18.08.2023 жыл
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидалардың 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Мемлекеттік білім беру | ||
|
| |
| Нысан |
|
| ____________________________ |
|
_______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы | Оқыту кезеңі | Диплом бойынша мамандық |
|
| Жүктеу |
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру |
|
| Нысан |
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл сандары |
|
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | Техникалық және кәсіби = 1 балл |
|
2. | Ғылыми/академиялық дәрежесі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | PHD-доктор = 10 балл |
|
3. | Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау | Сертификат | "Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл |
|
4. | Біліктілік санаты | Жеке куәлік, басқа құжат | Екінші санат = 1 балл |
|
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі | Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат | Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл |
|
6. | Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін | Білімі туралы дипломның қосымшасы | Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл |
|
7. | Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат | Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) | Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл |
|
8. | Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері | - дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; | 1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл |
|
9. | Әдістемелік қызметі | -авторлық шығармалары, басылымдары | ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл |
|
10. | Қоғамдық-педагогикалық қызметі | Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат | тәлімгер = 0,5 балл |
|
11. | Курсқа дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; | ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары |
|
12. | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог | Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты | 3 балл қосылады |
|
Барлығы: |
|