11-14 наурыз аралығында Ақтау қаласында Aqtau International School (AIS) мектеп базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытындағы химия мен информатика пәндерінен олимпиада өтті. №1 Новоишим орта мектебінен Республикалық ауыл мектептеріне арналған пәндік олимпиаданың жеңімпазы 9-сынып оқушысы Белоног Ева қатысып, сапалы білімін көрсете білді. Ева сертификатпен марапатталды. Жетекшісі химия пәні мұғалімі Алексеенко Ольга Михайловна.
"Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ әдістемелік қолдау аясында Петропавл қ. ПШО әдіскері Рахмаил Э.М. біздің мектепте семинарлар өткізілді. Семинар тақырыптары: "Тиімді сабақты ұйымдастыруды оқыту", "Функционалдық сауаттылықты дамыту", "Бағалау құралдарын әзірлеу". Пайдалы және қызықты ақпарат үшін Эльвира Мұратқызына үлкен алғысымызды
16.01.2025 ж. асхана бракераж комиссиясы тексеруден өтті. Комиссия тағамдардың мәзірге сәйкес дайындалғанын анықтады. Тағамның эстетикалық көрінісі бар, дәмі нормаға сәйкес келеді.
Республикалық "Педагогикалық идеялар" фестивалінің облыстық кезеңінде І орын алған Арманбек Бекбайұлын құттықтаймыз! Алматы қаласында өтетін Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
13 желтоқсан күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ауыл оқушыларына арналған II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Соңғы кезеңге еліміздің ең шалғай бұрыштарынан 450 оқушы қатысты. Үш күндік зияткерлік жарыстың қорытындысы бойынша 197 оқушы жоғары білім деңгейін көрсетті. Оның ішінде 36 жеңімпаз-алтын, 65 күміс және 96 қола медаль иегерлері. 11 "Б" сынып оқушысы Бекеева Сати "Құқық негіздері" пәні бойынша ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадаға қатысып, қола жүлдегер атанды. Жетекшісі тарих
12 желтоқсанда тарих апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі В. В.Шремзер 11 сынып оқушылары арасында "Өз ойыным" интеллектуалды турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты: білім алушыларда әлеуметтік-патриоттық көзқарастар мен Отанға және оның тарихына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оқушылар Қазақстан тарихымен және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен байланысты 6 санат бойынша сұрақтарға жауап берді. Турнир нәтижелері бойынша 11 А сыныбы 310 ұпай жинап, 1 орын, 11 Б-2 орын алды.
Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы елімізде биыл екінші рет ұйымдастырылды! Аталмыш бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Олимпиаданың мақсаты – Қазақстанның шалғай елді мекендерінен дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау және нығайту, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде клесі оқушылар тамаша нәтиже көрсетті: 3 орын – Рахимжанова Тамилла, жетекшісі ағылшын тілі мұғалімі Карпова В.С. 2