Образование
03.03.2026
Мектеп асханасында тамақтану сапасын тексеру
03.03 күні КГУ «Новоишимская СШ №1» мектеп асханасында бракераждық комиссия тарапынан жоспарлы тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында тағам өнімдерінің сапа сертификаттары қаралып, дайын ас мәзірінің сапасы мен дәмдік қасиеттері бағаланды. Барлық өнімдер қажетті құжаттарға сәйкес екені анықталды.
Комиссия қорытындысы бойынша дайын тағамдардың сапасы талаптарға сай, балаларға ұсынуға рұқсат етілді.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын үнемі бақылауда ұстайды.
